RU

"Эстафета": Абай шығармаларын оқу дәстүрі Жапонияға да жетті

Ұлы даладан басталған қазақтың ұлы ақыны Абай шығармаларын оқу эстафетасы Күншығыс еліне де жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Facebook

Абайдың терең мағыналы қара сөздерінен үзінді оқыған жапондық депутат Такео Кавамура оны жалғастыруды Қазақстанның осы елдегі елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаевқа ұсынды.

Жапон тілін жетік білетін қазақ елшісі ақынның 37 қара сөзінен қазақша және жапонша үзінді оқыды.

Ол эстафетаны "Сазген"ансамблінің жетекшісі Бағдат Тілегеновке жолдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1807170-abaj-sygarmalaryn-oku-cellendzi-zaponiaga-da-zetti-video.html