RU
"Бүркітке еліктеп": Қайрат Нұртастың жаңа образы желіде қызу талқыға түсті (фото)

"Бүркітке еліктеп": Қайрат Нұртастың жаңа образы желіде қызу талқыға түсті (фото)

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіге жаңа образдағы суретін жариялаған Қайрат Нұртасты көпшілік әнші Бүркітке ұқсатты. Өнер иесінің Instagram-ға жүктеген фотосы желідегілер арасында қызу талқыға түскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шаш үлгісін өзгертіп, классикалық стильде киінген әншінің образы көпшілікке ұнаған. Ал кейбір желі қолданушылары Қайрат Нұртастың өнердегі әріптесі Бүркітке еліктеп жүргенін жазуда.

"Өте жарасымды", "Бүркітке еліктеп жүрсің-ау", "Өзгеріп кетіпсің", "Тіл-көзден сақтасын", "Бір көргенде Қалаулымдағы Ілияс деп ойладым", "Кеше ғана Нұрболат Абдуллин де жағасын ашып суретке түскен еді".

"Костюм керемет жарасады екен", "Сымбаттысыз", "Халықтың сүйікті ұлы ғой, Қайрат" деп пікір білдірген желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова да клипке түсу үшін образын өзгерткен болатын.

Сіздің реакцияңыз
14
3
3
0
1
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel