RU
Қасын боятамын деп ауруханадан шыққан алматылық ару сотта жеңіп шықты

Қасын боятамын деп ауруханадан шыққан алматылық ару сотта жеңіп шықты

Рассказать Вконтакте

Биылғы жылдың қаңтар айында сұлулық салонда қасын қынамен боятпақшы болған алматылық Зере Төрехан маманның жұмысынан зардап шеккеніне шамғымданған еді. Осы орайда әділдік үшін сотқа жүгінен ару аппеляциялық сотта жеңіске жеткен деп хабарлайды "Еуразия" Бірінші арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: "Еуразия" бірінші арнасы

Фото: "Еуразия" бірінші арнасы

Сұлулық салонындағы қалыпты процедураның соңы Зере Төрехан үшін беттің ісінуіне, бөртпелер мен күйіктің пайда болуына әкеп соққан. Бірінші сатыдағы сотта алматылық тұрғынның өтемақы өндіріп алу туралы талабын қанағаттандырмаған.

Аппеляциялық алқа басқа шешімге келген. Яғни, жауапкерден материалдық залалды өтеу үшін 14,3 мың теңге, моральдық зиян келтіргені үшін - 70 мың теңге және тағы 100 мың теңге өкілдің қызметі үшін өндіріп алынатын болды.

Зере о баста арызға 700 мың теңге көлеміндегі сомманы жазғанына қарамастан, бұл шешімге қанағаттанған. Бойжеткеннің пікірінше, мамандар мен ұйымның өзі жасалып жатқан жұмыстардың сапасына жауапты болуы қажет.

Алайда жауапкер мұндай шешіммен келіспейтінін және жоғарғы сотқа шағымдануы мүмкін екенін алға тартты.

Қорғаушының сөзінше, қына - бұл сынама жасайтындай медициналық препарат емес. Оның үстіне, мұндай міндет бірде-бір нормативтік-құқықтық актіде қарастырылмаған.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel