RU
Тоқаев браконьерлер шабуылына тап болған қорықшылар туралы айтты

Тоқаев браконьерлер шабуылына тап болған қорықшылар туралы айтты

Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев браконьерлердің қолынан қаза тапқан қорықшығы қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

"Қорықшы-инспекторлар Қаныш Нұртазинов пен Самат Оспанов мемлекетіміздің табиғи байлығын қорғау жолында ержүректілік көрсетті. Олардың ерлігін мақтан тұтамыз! Қ.Нұртазиновтің отбасына көмек көрсетіледі. Оның есімі мәңгі жадымызда сақталады. Иманды болсын!", - деді ол.

Сондай-ақ, президент қорықшы-инспекторлардың құқықтарын қорғау және браконьерлікке қарсы жазаны күшейту мақсатында заңнаманы қайта қарау қажеттігін атап өтті.

Еске сала кетсек, Ақмола облысында браконьерлер шабуылы салдарынан "Охотзоопромның" бір инспекторы қайтыс болып, тағы бірі зардап шекті.

Жедел іздестіру барысында күдіктілер қолға түсті.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
5
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel