RU
Атамбаев Мәскеуде Путинмен кездесті (видео)

Атамбаев Мәскеуде Путинмен кездесті (видео)

Рассказать Вконтакте

Жақында Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың Мәскеуге сапары және онда Ресей президентімен кездескені белгілі болды. Кездесу нәтижесі бойынша Владимир Путин мәлімдеме жасады деп хабарлайды Кремльдің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: news.tj

Фото: news.tj

Владимир Путиннің айтуынша, шын мәнінде болған. Себебі Ресей президенті әрқашанда қазіргі және бұрынғы әріптестерімен диалог орнатуға әрдайым дайын екенін жеткізген.

"Ешқандай құпия жоқ. Менің қазіргі әріптестеріммен де, бұрын жоғары лауазымда болған әріптестеріммен де барынша ашық болуға тырысатынымды барлықтарыңыз білесіздер.
Иә, расымен де мен Алмазбек Шаршенұлымен кездестім. Біз өңірдегі және Қырғызстандағы жағдай туралы әңгімелестік", - деді ресейлік көшбасшысы.

Сондай-ақ Путин Алмазбек Атамбаевпен не жайлы сөйлескендерін де айтып берді. Ол Қырғызстан халқы бірігіп, қазіргі президент Сооронбай Жээнбековті қолдау керек деген пікірін ортаға салған.

"Менің ұстанымым баршаға аян, оны мен өзіне де айтып өттім. Мен Қырғызстан – біздің одақтасымыз, бізге жақын мемлекет деп ойлаймын. Қырғызстан бірнеше рет күрделі ішкі саяси толқуларды бастан кешірді, нақтырақ айтсақ, елде екі рет осындай дүмпу болды. Сондықтан Қырғызстан халқы үшін, осы жерден тоқтау керек деп ойлаймын.
Ел саяси тұрақтылыққа зәру және барлық адамдар қазіргі президенттің маңайында жиналып, оған мемлекетті дамытуға көмектесулері керек. Бізде Қырғызстанмен ынтымақастыққа қатысты жоспар көп және біз қазіргі билікпен осы жоспарымыз жүзеге асады деген ниеттеміз", - дейді Владимир Путин.

Айта кетейік, Алмазбек Атамбаев Мәскеуге 24 шілде күні ұшып кеткен еді. Ол онда бірнеше маңызды кездесулері барын, оның ішінде, лауазымы жоғары тұлғалармен кездесуі барын мәлім еткен болатын.

Ал осыдан бір ай бұрын бұрынғы президент жеке басына қол сұқпаушылық мәртебесінен айырылған еді.

Сіздің реакцияңыз
3
1
0
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel