Выйти
RU

Түркияда Беларусь дипломатын атып кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Түркияда белгісіз бір адам Белоруссия елшілігінің кеңесшісіне шабуыл жасады. Күдікті елшілік қызметкерін атқан деп хабарлайды Белта-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Александр Поганшев. Фото: ТВЦ

Александр Поганшев. Фото: ТВЦ

Бұл оқиға жайлы ақпарат және сандық дипломатия бөлімінің бастығы, Белоруссия СІМ-нің баспасөз хатшысы Анатолий Глаз хабарлады.

Шабуылдан кейін дипломат ауруханаға жеткізілген.

СІМ баспасөз хатшысының мәліметінше, Белоруссия елшісінің кеңесшісі үйіне қайтып келе жатқан.

Осы кезде белгісіз біреулер оны атып кеткен.

Қазіргі уақытта саясаткер ауруханада жатыр. Оның жағдайы ауыр деп бағалануда.

Сондай-ақ, шабуыл кезінде дипломаттың жанында бала болғандығы белгілі болды. Ол ешқандай жарақат алмаған.

ТАСС-тың хабарлауынша, елші кеңесшісіне отставкадағы түрік әскери қызметкері шабуыл жасаған. Оқиға Чанкая ауданында болған.

Айта кетейік, осы жерде көптеген елдердің дипломатиялық өкілдіктері орналасқан.

Саясаткерді атқаннан кейін шабуылдаушы өзіне қол салған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Түркияда Беларусь дипломатын атып кетті