RU
"Кредитке батыру емес": Динара Сұлтан тойды неліктен 10 жылдан кейін жасағанын түсіндірді

"Кредитке батырмау үшін": Динара Сұлтан тойды неліктен 10 жылдан кейін жасағанын түсіндірді

Рассказать Вконтакте

Бес баланың анасы атанған Динара Сұлтан жұбайымен үйлену тойын 10 жылдан кейін бір-ақ жасаған болатын. Әнші көпшіліктің сансыз сауалына жауап беріп, неліктен мұндай әрекетке барғанын Instagram парақшасында түсіндірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, оны тойынан соң табалайтын арулар саны артқан.

"Желіде көбісі шулап, жазбайтын нәрселерді жазып жатыр. Біреуі "Мен он жыл күтпес едім" десе, тағы біреуі "Намысыңыз жоқ екен" дейді. Тағы біреуі маған арнап, желіде пост жазған. Көбісі маған "Сен жастарға қандай қате үлгі беріп жатырсың" деп сөгіп жатыр. Ең қызығы осы әйелдердің көбі тұрмыс құрмаған көрінеді. Бұл жай ғана менің кішігірім ойым", - дейді әнші.

Сондай-ақ Динара Сұлтан өмірде қыз-келіншектер үшін ең маңыздысы ақ көйлек кию еместігін де айта кетуды жөн санаған.

"Қыз-келіншектер сіздерге айтарым: бастысы ақ көйлек киіп, дүркіретіп той жасап, ата-аналарыңды кредитке батыру емес. Немесе ата-енеңмен татуласа ала алмай, бір бала туып, байдан қайтып келу емес. Статистика бойынша, соңғы он жылда 1,5 миллион жастар отбасын құрған. Солардың 500 мыңы ажырасып кеткен. Сұмдық қой. Менен үлгі алыңыз демеймін. Бірақ, жақсылап ойланыңыз! Таңдаған жаныңыз мәңгілікке болуы шарт", - деп жазды әнші.

Естеріңізге сала кетейік, Динара Сұлтан күйеуімен мұсылманша некелескен. Арада он жыл өтіп, бес бала өмірге келгеннен кейін олар той жасауға бекінген.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel