RU
Тоқаев қаза болған қорықшыны І дәрежелі "Айбын" орденімен марапаттады

Тоқаев қаза болған қорықшыны І дәрежелі "Айбын" орденімен марапаттады

Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев браконьерлер шабуылына ұшыраған"Охотзоопром" инспекторларын мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Ақорда.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Қаулы етемін:

1. Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын:

І дәрежелі "Айбын" орденімен

Нұртазинов Қаныш Серікұлы (марқұм) - Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторы;

ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен

Оспанов Самат Қошбергенұлы - Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторы.

Аталмыш жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін президент марқұмның отбасына мемлекет тарапынан көмек көрсетілетінін атап өтті.

Біз бұған дейін хабарлағанымыздай Ақмола облысында браконьерлерге 23 шілде күні шабуыл жасалған. Салдарынан зардап шеккен екі инспектордың біреуі оқ жарақатынан көз жұмды.

Күдіктілердің бірі ұсталды.

Қайтыс болған қорқышының артында бес баласы қалды.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel