Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жүктілікті бүйректегі тастармен шатастырған әйел кенеттен босанып қалды

Опубликовано:

Жүктілікті бүйректегі тастармен шатастырған Англияның Челтнем ауданының тұрғыны аяқ астынан босанып алды деп хабарлайды Lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: saffylockey
Көрнекі фото: saffylockey: Facebook

Көпбалалы ана Сэффрон Сноу (Saffron Snow) 2017 жылдың қыркүйегінде арқасы мен іштің айналасындағы ауырсыну сезініп, жедел жәрдем шақырғанын айтады.

Әйел бүйрегіне тас толып қалды деп ойлаған.

"Дәрігерлер келіп, "жүктісің бе?" деп сұрады. Мен оларға жарты жыл спиарльмен жүргенімді түсіндірдім", - деп есіне алды ағылшын тұрғыны.

Медбике 33 жастағы Сноуды тексеріп, науқастың жүктіліктің сегізінші айында екенін анықтаған. Дәрігерлер әйел адамды ауруханаға жеткізіп, оны босандырды.

Сноу сегізінші баласын аман есен босанып, нәрестені Артур деп атады.

Ағылшын тұрғыны соңғы айларда үш рет бүйрегін дәрігерге тексерткенін, алайда дәрігерлер жүктілікті анықтай алмағанын атап өтті.

Сноудың сөзінше, балалар отбасының жаңа мүшесіне таңданыспен қараған.

"Олар менен осы уақыта аралығында Артурды қайда тығып жүрдің деп сұрай береді", - деді ағылшын тұрғыны.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1807230-zktilikti-bjrektegi-tastarmen-satastyrgan-jel-kenetten-bosanyp-kaldy/

pixel