RU

Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі өтпейтін болды

27 шілдеге жоспарланған Данияр Елеусінов пен мексикалық боксшы Оскар Кортестің жекпе-жегі өтпейтін болды. Екі спортшы да бокс кешінің андеркардынан алынып тасталынған деп хабарлайды Prosports.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: prosports.kz
Фото: prosports.kz: Facebook

Елеусінов пен Кортестің кездесуі АҚШ-тың Техас штатындағы Арлингтон қаласында өту керек болған. Олар біріктірілген WBC және WBO дәрежелері бойынша бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін бақ сынаған Хосе Карлос Рамирес пен Морис Хуккердің андеркардында жұдырықтаспақ болды.

Бокс статистикасының порталы Елеусінов пен Кортестің жекпе-жегін өз жүйесінен ресми түрде алып тастады.

Бұған дейін БАҚ-та жекпе-жек қазақстандық боксшының денсаулығына байланысты өтпей қалғаны айтылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1807231-daniar-eleusinovti-kelesi-zekpe-zegi-tpejtin-boldy.html