RU
Қамаудан босаған Сұханбердиева қазір қайда жүр?
Жаңалықтар Саясат және экономика

Қамаудан босаған Сұханбердиева қазір қайда жүр?

Рассказать Вконтакте

БҒМ бұрынғы вице-министрі Эльмира Сұханбердиеваның адвокаты Айгүл Әмренова өз қорғауындағы шенеунік сотқа тиісті айыппұлды төлегенін айтып, қазіргі таңда ол отбасының қасында екенін мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Эльмира Сұханбердиева сот залында. Фото: NUR.KZ

Эльмира Сұханбердиева сот залында. Фото: NUR.KZ

"Ол Қазақстанда, Нұр-Сұлтан қаласында өз отбасының қасында жүр. Ешқандай сұрақтар болмасын. Шетелге демалысқа кеткен- ол мен. Ол кісі ешқайда кетуді жоспарлап отырған жоқ" , - деді заңгер.

Қорғаушының сөзінше, үкім бүгін заңдық күшіне енбек. Әмренова сот шешіміне шағым түсірілмегенін хабарлап, бұрынғы вице-министр тиісті айыппұлды толығымен төлеп тастағанын жеткізді. Іс аяқталған.

Бұған дейін, Telegram арналардың бірінде Сұханбердиеваның Қазақстаннан кетіп қалғаны жөніндегі ақпарат тарап кеткен болатын.

Айта кетейік, бұрынғы білім және ғылым вице-министрі қызметтік міндеттерін асыра пайдаланғаны, пара алғаны мен кәсіпкерлікпен заңсыз түрде айналысқаны үшін айыпталып, екінші маусым күні тұтқындалған. Оны екі айға қамауға алды.

Ол процессуалды келісімге келіп, оның ісі жедел түрде сотқа өткен. Шенеунік сот алдында өз кінәсін мойындаған.

10 шілде күні Нұр-Сұлтанда Сұханбердиеваның ісіне қатысты сот үкімі шығып, оған алты миллион көлемінде айыппұл тағайындалды. Бұдан кейін, ол сот залынан босап шықты.

Шешуші сот отырысынан кейін, бұрынғы вице-министр Жоғарғы сотқа жүгінетінін айтқан болатын.

Оған қоса, Эльмира Сұханбердиева сот залынан босап шыққан соң, қымбат маркалы көлікпен кетіп қалды.

Сіздің реакцияңыз
11
1
0
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel