Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айдар Тұрғанбек өзге ұлттың қызын ұзатқанын айтып, мақтанды (видео)

Опубликовано:

Қыз ұзатуға білек сыбана кіріскен Айдар Тұрғанбек өзінің тың жаңалығымен бөлісті. Әнші Instagram парақшасында өзге ұлттардың да өзін ұзату тойға шақыра бастағанын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айдар Тұрғанбек. Фото: Әншінің жеке парақшасы, видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Айдар Тұрғанбек. Фото: Әншінің жеке парақшасы, видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Әншінің айтуынша, оқиға Шымкент қаласында орын алған.

"Кеше қызық жағдай болды. Кеше Шымкент қаласына тағы бір қарындасымды ұзатуға тойға келсем, басқа ұлттың адамдары екен. Ұзатылып жатқан қыз да, алып жатқан жігіт те басқа ұлттан екен. Адасып "басқа тойға кіріп кеткен шығармын" деп сұрасам, осы той дейді.
Бірақ бір қуанғаным, той таза қазақтың ұлттық дәстүрімен болды ғой. Кішкене арасында өз салттары да болды. Ал қалғанының бәрі қазақша болды ғой. Қазақша тілек, қазақша бата, қазақша әндер, Аллаға шүкір! Африкаға ұзату тойға барсам, таң қалмаңыздар", - деп жазды Айдар Тұрғанбек.

Естеріңізге сала кетейік, Айдар Тұрғанбек осыдан біраз уақыт бұрын қыз ұзатуға арнайы ән жаздырып, бойжеткендерді құтты орнына қондыра бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1807243-ajdar-trganbek-zge-lttyk-kyzyn-z-nimen-zatkanyn-ajtyp-maktandy-video/

pixel