RU
Бірге тұратын ағайынды Төлеповтердің әйелдері өзара тату ма?

Бірге тұратын ағайынды Төлеповтердің әйелдері өзара тату ма?

Рассказать Вконтакте

Бірінен кейін бірі үйленген ағайынды Артұр мен Асылхан Төлеповтер жарларымен бірге ата-анасының қасында тұрып жатыр. Екі абысынның бір үй мен асхананы қалай бөлісіп жүргені бүгінде желі қолданушыларын аса қатты қызықтыруда. Жұлдызды бауырлардың әйелдері қандай қарым-қатынаста екенін Асылханның жары айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айсұлу Нарымбекқызы абысыны Мадинамен бір шаңырақ астында қалай тұрып жатқаны туралы бар шындықты айтты. Ол Instagram парақшасында Артұрдың келіншегімен не жайлы сөйлесетінін де жайып салды.

"Жиі қойылатын сұрақтардың бірі "Бәріңіз бірге тұрасыздар ма?" Иә, шүкір, барлығымыз бір шаңырақ астында тұрамыз. Абысыным екеуіміз үйдің, ас үйдің шаруасын бірге атқарамыз.
"Сен бүйт, мен сүйтем" деп санасып та көрмеппіз. Қайсымыздың қолымыз бос болса, реті келіп тұрған істі домалата жөнелеміз. Арасында сырласамыз, бір-бірімізбен ақылдасамыз. Осындай тамаша қызға үйленген көкеге рахмет. Сіздерге де тату абысындар бұйырсын" , - деп жазды Асылханның әйелі.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
23
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel