RU
Біртанов: Қазақстандықтар ауруханада өте көп жатады
Жаңалықтар Қоғам

Біртанов: Қазақстандықтар ауруханада өте көп жатады

Рассказать Вконтакте

Денсаулық министрі Елжан Біртанов ОКҚ-да өткен брифингте қазақстандықтардың қажет болмаса да ауруханада тым жиі жататынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: ОКҚ сайтынан алынды

Фото: ОКҚ сайтынан алынды

Министр негізсіз және қайталап жатқызу өте қымбат болғандықтан, бүкіл әлемде ауруханаға жатқызу талаптарына қатаң бақылау қойылатынын байқаған.

«Біздің елімізде, басқа елдермен салыстырғанда, ауруханалар өте көп тұтынылады.
Яғни, өкінішке орай, ауруды үйде емдеуге, дәрі қабылдауға, дәрігерге баруға немесе күндізгі стационарға барып, инъекция қабылдауға болса да, адамдар тым көп және жиі ауруханаларда жатады", - деді Біртанов.

Министрдің сөзінше, мамандар бақылауында болу үшін ауруханаларда ауыр жағдайдағы, тәулік бойы бақылап отыруды немесе жоспарланған операцияларды жасауды қажет ететін адамдар жатуы керек.

Денсаулық сақтау министрлігі бұл мәселені шешу үшін емханалар мен ауруханалардың жүктемесі көрінетін электрондық порталды іске қосады. Оның көмегімен пациенттер науқастары аз ауруханаларды таңдай алады және жоспарланған операция кезегін ұзақ күтпейді.

Сіздің реакцияңыз
11
0
1
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel