Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәскеуде қазақстандық стилистің неден қайтыс болғаны анықталды

Опубликовано:

24 шілде күні Мәскеудегі сұлулық салондарының бірінде қазақстандық стилистің денесі табылды. СІМ ер адам өлімінің алдын ала себебін мәлім етті деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: PxHere
Көрнекі сурет: PxHere: Depositphotos

Сыртқы істер министрлігі марқұмның Қазақстан азаматы екенін растады. Ер адам Мәскеудегі Хамовники ауданында орналасқан сұлулық салонында қайтыс болған.

"Қазіргі таңда, оқиғаға қатысты тексеріс жүріп жатыр. Алдын ала нұсқаға сәйкес, азаматтың өлімі жүрек жеткіліксіздігі салдарынан орын алған" , - деді СІМ өкілдері.

Анықталғандай, марқұм аталған салонда қызмет еткен.

Бұған дейін, салон күзетшісі әжетханадан қазақстандық стилисті өлі күйінде тауып алғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1807280-mskeude-kazakstandyk-stilisti-neden-kajtys-bolgany-anyktaldy/

pixel