RU
Әбдірахымовтың Лондондағы видеосын қайталаған КВН-ші жұртты күлдірді (видео)

Әбдірахымовтың Лондондағы видеосын қайталаған КВН-ші жұртты күлдірді (видео)

Рассказать Вконтакте

Отандық КВН ойыншысы Рүстем Омаровкүні кеше желіге Лондоннан видео жүктеген Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымовты айнытпай қайталады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ғабидолла Әбдрахымов, Рүстем Омаров. Фото: Видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Ғабидолла Әбдрахымов, Рүстем Омаров. Фото: Видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Әзілкеш видеоға Шымкент әкімі секілді қара көзілдірік киіп, қолына кітап ұстап түскен. Алайда Рүстем Омаров роликті Лондонда емес, Алматы қаласында түсірген.

"Алматыдан жалынды сәлем жолдаймын. Ет қосылған самсадан соң Алматыны аралап қайтуға шықтым. Айтпақшы, "30 секундта тендер ұтып алу" атты кітап оқып жүрмін. Өте қызықты кітап, бәріңізге оқуға кеңес беремін. Меніңше, Алматы - әлемдегі ең жақсы қала. Әлемі несі, Қазақстандағы...
Меніңше, Лондонда жұмыс істеп, қаражат тапқан дұрыс. Тіпті Лондонда өмір сүру керек. Ал ақшаны Қазақстанда жұмсаған дұрыс. Мен мұны отанын сүйетін адам ретінде айтып тұрмын. Мен қазақстандықтардың, халқымның ең болмаса Қапшағайда демалуға мүмкіндігі болғанын қалаймын. Ең болмаса Алакөлде, Бурабайда. Жоқ, одан да Лондонда демалған арзанырақ. Сайран бар мысалыға. Жарайды, мен таңғы асымды жалғастырайын", - дейді әзілкеш видеода.

Айта кетейік, Шымкент әкімі күні кеше қазақстандықтарға Лондоннан видео-сәлемдеме жолдаған болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
1
43
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel