Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атыраудағы базарда келіншекті бір ұрып, кетіп қалған азамат жұртты шошытты (видео)

Опубликовано:

Атырауда қалалық базарлардың бірінде ер адам келіншекті бір ұрып, ары қарай түк болмағандай кете берді. Түсініксіз оқиғаның сәті видеоға түсіп қалған деп хабарлайды «Ақ Жайыққа» сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр: Twitter

Оқиғаның видеосы ғаламтор кеңістігіне тарап кетті. Бейнежазбадан ер адамның асықпай келе жатқанын аңғаруға болады. Бір уақытта ол алдынан шыққан келіншектердің бірін кенеттен ұрып жіберіп, ар қарай жайбарақат кете берді.

Құқық қорғау органдары видеоға түсіп қалған оқиғаға қатысты пікір білдірді. Полицейлер күдіктіні тұтқындағанын хабарлады. Тергеу "бұзақылық" бабы бойынша жүргізіліп жатыр.

Азаматты мұндай агрессивті әрекетке не итермелегін әзірге жұмбақ болып қалуда.

Ескерту! Видеода зорлық әрекеттер кездеседі!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1807315-atyraudagy-bazarda-kelinsekti-bir-ryp-ketip-kalgan-azamat-zrtty-sosytty-video/

pixel