Выйти
RU

Әблязовтің сыбайластары туралы іс Алматы аудандық сотында қаралады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

"БТА Банкі" АҚ директорлар кеңесі бұрынғы басшысының жақтастары туралы қылмыстық істі Алматы аудандық соты қарайтын болды деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Sputnik Қазақстан

Фото: Sputnik Қазақстан

"Мұхтар Әблязов бастаған қылмыстық топтың барлық жеті қатысушысы қылмыстық іс нәтижелері бойынша сотқа жолданды.

Прокуратура Ресейдің Трофимов Артур (ред. Австрияның босқыны мәртебесі бар), Хаблов Максим, Әбдіхаимова Анар, Украинаның Кадесов Ержан есімді азаматтары және қазақстандық Погорелов Анатолий, Налобин Валерий және Жүнісова Зәуреге қатысты айыптау актісін бекітті.

Аталған тұлғалар тергеуге ат салысып, Әбләзовтың ақша ұрлау және жымқыру жөніндегі қылмыс жоспарын ашуға жәрдемдесті. Қылмыстық іс Алматы қаласы Медеу ауданы № 2 аудандық сотында қаралатын болады", - деді Петров.

Сонымен бірге ол Жемқорлыққа қарсы қызмет бюросы Әблязовпен бірге халықаралық іздеуде жүрген 17 күдіктінің ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіліп жатқандығын мәлімдеді.

"Шетелдік мемлекеттердің халықаралық-құқықтық ынтымақтастыққа құзыретті органдары аясында Әблязовтың шетелде ақша ұрлау және оны жымқыруға қатысты қосымша дәлелдері ұсынылды. Алынған мәліметтердің барлығы дәлелдер базасын нығайтып, мән-жайды айғақтап берді", - деді департамент басшысы.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Әблязовтің сыбайластары туралы іс Алматы аудандық сотында қаралады