RU
Алматыда ақша үшін балабақшадағы бүлдіршінді ұрламақ болған әйел ұсталды

Алматыда ақша үшін балабақшадағы бүлдіршінді ұрламақ болған әйел ұсталды

Рассказать Вконтакте

Алматыда балабақшадағы баланы ұрлап кетпек болған келіншек ұсталды. Ол сол мекемеде қызмет ететін тәрбиеші болып шыққан. Бұл туралы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Күдікті әйел. Фото: Алматы қалалық ПД, бейнебақылау камерасы

Күдікті әйел. Фото: Алматы қалалық ПД, бейнебақылау камерасы

Полицияның мәлімдеуінше, әйел адам Алматы облысындағы Кеген ауданында тұтқындалған. 30 жастағы келіншекті Алматыға алып келді.

Анықталғандай, күдікті ұрлық бола жаздаған балабақшаның қызметкері болып шықты. Азаматша өзі ұрлап кетпек болған бес жасар бүлдіршіннің тобында тәрбиеші болып жұмыс істеген.

Полицейлердің хабарлауынша, қылмыс жасар уақытында күдікті әйел еңбек демалысында болған. Келіншектің заңсыз әрекетін болдырмаған өзге тәрбиеші оны уақытша алмастырған.

"Тұтқындалған әйел баланы қаржылық табыс үшін ұрламақ болғанын түсіндірді. Ол бүлдіршіннің ата-анасынан қаржылай төлем талап етуді жоспарлаған.
Жауап алынғаннан кейін Ж. есімді азаматша уақытша тергеу изоляторына тоғытылды" , - деді медеу аудандық полиция басқармасының басшысы, полиция майоры Болат Тотыбаев.

Белгілі болғандай, баланы ұрлап кету кезінде келіншек барынша түрін көрсетпеуге тырысқан. Алайда, бұл жайт оған жазадан құтылуға көмектеспеді.

Айта кетейік, бұған дейін баланы ұрламақ болған келіншектің видеоға түсіп қалғанын хабарлаған болатынбыз. Балабақша тәрбиешісі өз тәлімгеріне бейтаныс әйелмен кетіп қалуға мүмкіндік бермеген.

Оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 125 бабы "адам ұрлау" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Кейіннен бүлдіршіннің анасы оған хабарлама арқылы қоқан-лоққылар жіберілгенін айтты.

Сіздің реакцияңыз
1
8
2
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel