RU
Алматыда екі азамат автобус жүргізушісін соққыға жығып, пышақпен қорқытқан (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда екі азамат автобус жүргізушісін соққыға жығып, пышақпен қорқытқан (видео)

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде автобус жүргізушісіне жасалған шабуылдың видеосы тарап кетті. Екі ер адам қоғамдық көлік жүргізушісін соққыға жығып, оны пышақпен қорқытқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр/instagram.com/kris_p_brothers_official

Фото: видеодан кадр/instagram.com/kris_p_brothers_official

Шабуылдың бейнежазбасы Instagram желісіндегі Kris P Brothers Almaty парақшасында жарияланған.

Бейнебақылау камерасына түсіп қалған видеодан ер адамның автобусқа кіріп, жүргізушінің қасына келгенін көруге болады. Артынша олар бір-бірімен қол алмасып, бір нәрсені талқылай бастады. Бір уақытта жолаушы азамат жүргізушіні соғып жібереді. Олардың қасына тағы бір ер адам жүгіріп келеді.

Бейнежазбадан қоғамдық көлік жүргізушісі өзіне соққы жаудырған азаматтарға оларды бейнекамера түсіріп жатқанын ескерткені көрінеді. Алайда, бұзақылар өзін агрессивті түрде ұстауды жалғастырып, жүргізушіні жабылып ұрады.

Zakon.kz сайтының хабарлауынша, "Бату Тревел" компаниясының директор орынбасары Серік Ұрымбаев оқиға 21 шілде күні орын алғанын жеткізген. Ол кезде автобус жүргізушісі жанармай бекетіне қарай бара жатқан.

"Автобустың алдына кенеттен көлік тоқтайды. Жүргізуші оған соқтығыспас үшін солға бұрылып, оған сигнал беріп кете береді. Одан кейін, ол көлік автобусты қуып жетіп, оған жол бермей қойған. Сол көліктегі ер адамдар автобус салонына кіріп, жүргізушіні соққыға жыққан. Видеода ол жері жоқ. Бірақ, олар оны пышақпен қорқытқан" , - деді ол.

Жүргізуші көліктен шығып, бұзақылардан құтылған. Азамат жанармай бекетіне жүгіріп барып, көмек сұраған.

Ұрымбаевтың айтуынша, тәртіп сақшылары бұзақыларды ертесіне тұтқындаған.

Ер адамдардың өзара қақтығысына не себеп болғаны әзірге мәлім етілген жоқ.

Сіздің реакцияңыз
7
0
5
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel