RU

Ақтөбеде үш жасар ұл бала балабақша терезесінен құлап түсті

Ақтөбедегі балабақшалардың бірінде ұш жасар бүлдіршін екінші қабаттан құлап түсті. Белгілі болғандай, баланың аяғы сынған деп хабарлайды "Диапазон" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: goodfon.ru
Фото: goodfon.ru: UGC

Басылымның хабарлауынша, 24 шілдеде "Нұрзерек" балабақшасының екінші қабатында орналасқан терезеден бала құлап кетті. Зардап шеккен ұл бала 3 жаста.

Қалалық білім бөлімінің басшысы Саян Сүлейменов оқиға балалар ұйықтайтын кезде орын алғанын айтты.

Тәрбиеші балаларды ұйықтатып жатқан. Сол сәтте бөлмеге бала жүгіріп кіріп, терезеден құлап түскен. Құлау кезінде мектепке дейінгі мекеменің тәрбиеленушісі аяғын сындырып алған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінде қазіргі уақытта баланың травматология бөлімінде емделіп жатқаны айтылды.

Алған жарақатынына қарамастан, кішкентай пациенттің жағдайы тұрақты деп бағалануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1807389-aktbede-s-zastagy-bldirsin-balabaksa-terezesinen-klap-tsti.html