RU
"Дәрігер екенімді айтуға ұяламын": Ақтаулық хирург бір тәулік қамауда отырып шықты

"Дәрігер екенімді айтуға ұяламын": Ақтаулық хирург бір тәулік қамауда отырып шықты

Рассказать Вконтакте

Ақтаудан шыққан белгілі балалар хирургі Насухан Отарғазиев аурухананың келушісімен текетіресіп қалды. Нәтижесінде қарсы тарап дәрігердің үстінен арыз жазып, балалар хирургі қамауға алынған деп хабарлайды "Лада" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Насухан Отарғазиев облыстық балалар ауруханасында жұмыс істейді. Бірнеше апта бұрын дәрігер кішкентай баламен кезектен тыс өтіп кетпекші болған келушілердің біреуімен сөзге келіп қалған.

Хирург оған ескерту жасады. Оның сөзінше, әйел адам айқайға басып, дөрекілік танытыпты.

"Осы уақытта оның ұлы маған кабинетке кіріп, мені бейәдеп сөзбен атады. Мен оған мені атаған адамды көргісі келсе, айнаға қарасын деп жауап бердім", - деді Насухан Отарғазиев.

Содан кейін, дәрігер айтқандай, жігіт анасымен бірге тіл тигізе бастаған.

"Олар полицейлерді шақырған, қызметкер менен өтініш жазасың ба деп сұрады - мен бас тарттым", - деді ол.

Алайда, арызды келуші жазды.

19 шілдеде хирург сотқа шақыру қағазын алып, сол жерден қамау камерасына жіберді. Дәрігер қамауда бір тәулік жатқан.

Tengrinews.kz-ке берген сұқбатында дәрігер болған оқиғадан есеңгіреп қалғанын жасырмады. Осы жағдайдан кейін хирург еңбек етіп, адамдарға көмек көрсету ниетінің жоғалғанын айтты.

"Мен бұл үшін мені қамауға алады деп ойламадым. .. Бірінші кезекте адамдарға көмек көрсету ниеті жоғалды... Қазір мен өзімнің жоғары санатты дәрігер, хирург екенімді айтуға да ұяламын", - деп мойындады дәрігер.

Анықталғандай, балалар хирургі келушілермен бірінші рет қақтығысып қалған жоқ. Бұған дейін Насухан Отарғазиевке жұмыс орнында бейәдеп сөздер айтқаны үшін айыппұл салынды.

Сіздің реакцияңыз
18
1
3
3
0
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel