RU
Лондонда белгісіз біреулер Месут Озилге пышақпен шабуыл жасады (видео)

Лондонда белгісіз біреулер Месут Озилге пышақпен шабуыл жасады (видео)

Рассказать Вконтакте

Лондонда белгісіз біреулер "Арсенал" ойыншысы Месут Озил мен оның серіктесіне шабуыл жасады. Қылмыскерлер неміс футболшысының көлігін ұрлап кетуді көздеген деп хабарлайды Life сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: betslive.ru

Фото: betslive.ru

Лондондық "Арсенал" футболшылары Месут Озил мен Сеад Колашинац астана аудандарының бірінде бұзақылардың құрбанына айнала жаздады.

Оқиға Лондондағы түрік кафелерінің бірінің жанында орын алған. Пышақпен қаруланған қылмыскерлер неміс футболшысының Gelandewagen көлігін ұрлауға тырысқан. Алайда осы мезетте Озилге командалық серіктесі көмекке келіпті.

Одан бөлек, футболшыға көмектесуге даяшылар мен кафе қызметкерлері де асыққан. Олардың сөзінше, бұл оқиғадан соң Месут қатты үрейленіп қалған.

Полиция істің мән-жайын анықтап жатыр.

Сіздің реакцияңыз
0
2
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel