RU
Ресейден Қырғызстанға оралған Атамбаев Путинмен кездесуі туралы айтты

Ресейден Қырғызстанға оралған Атамбаев Путинмен кездесуі туралы айтты

Рассказать Вконтакте

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев арнайы Ресейге барып, ресейлік басшы Владимир Путинмен кездесіп қайтты. Бұған дейін Ресей президенті бұрынғы әріптесімен жүздескені жөнінде пікір білдірген болатын деп хабарлайды Sputnik Кыргызстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алмазбек Атамбаев. Фото: Sputnik / Табылды Кадырбеков

Алмазбек Атамбаев. Фото: Sputnik / Табылды Кадырбеков

Атамбаев Қырғызстанға кеше сағат 18:40 шамасында оралды. Оның ұшағы "Кант" ОДкб авиабазасына қонған.

Одан кейін экс-президент өз жақтастары мен БАҚ өкілдерімен кездесті.

Бұрынғы мемлекет басшысы Ресей президентімен кездесу жақсы өткенін жеткізді.

Путин өз кезегінде Атамбаевқа Қырғызстанның қазіргі басшысы Соорогбай Жээнбековпен бірігуге кеңес берген. Алайда, экс-президент өз сұхбатында "бірігудің уақыты өтіп кеткенін" айтқан.

"Мен Путинмен экс-президент Атамбаев ретінде сөйлестім. Оған өз көзқарасымды жеткіздім. Ол президент қана емес, ол менің досым. Ол арнайы ұшақ жіберіп, мені шақырды. Бармасқа ұят болды. Адами тұрғыда ол дұрыс болмайтын еді.
Владимир Владимирович Қырғызстанға алаңдаулы. Ол үшінші революция қажет емес екенін айтты. Мен оған екі революция көргенімді айттым. Оны биліктің өзі жасайды, халықты соған итермелейді" , - деді саясаткер.

Оған қоса, Атамбаев Канттан Мәскеуге ұшып бару үшін жұмсалған шығынды ресейлік тарап төлегенін хабарлады.

Сіздің реакцияңыз
7
0
0
1
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel