RU
ШҚО тұрғындары құжынаған масаның боранында қалды
Жаңалықтар Қоғам

ШҚО тұрғындары құжынаған масаның боранында қалды

Рассказать Вконтакте

ШҚО тұрғындары құжынаған маса боранынан құтыла алмай әлек. Жергілікті халық масаға таланып, шіркейге жем болғандарын дабыл қағып айтуда. Маса боранында қалған жұртшылық аптап ыстықта қалың киініп, кейбірі тіпті үйінен шыға алмай қалған деп жазады 31 арна.

Фото: видеодан кадр/31

Фото: видеодан кадр/31

Шіркейлер шағып біткен жергілікті тұрғындар маса зардабынан бірқатар ауылдастары басқа жаққа қоныс аударып жатқанын айтады.

Аудандық әкімдік масаны улап жатқанына қарамастан, әзірге одан қайыр болмаған.

"Арқасына сөмке асып алып бір екі-үш кісі улап жүрген. Ондай улаған болмайды ғой" , - деді ауыл тұрғыны.

Жұртшылықтың наразылығын тудырып отырған мәселені жергілікті билік өкілдері жоққа шығармаған. Олар, тіпті масаны улау жұмысы отыз жылға жуық жүргізілмегенін де жасырмады.

Олардың мәлімдеуінше, тек биыл ғана улау шарасы үшін он млн қаражат бөлінген. Алайда, бұл сома түбегейлі масадан құтылу үшін жеткіліксіз.

"Тікұшақ құралдарымен өңдегенге қаражат жеткіліксіз. Он млн көп болып көрінгенімен, құрал-жабдықтары бар. Бұл өте аз. Павлодар, Қызылорда облысы 560-600 млн бөлінген" , - деді Күршім ауданы ТҮКШ бөлімінің бас маманы Гүлдана Ермекова.

Ал ғалымдардің пікірінше, бұл қалыпты жағдай. Себебі, жаз айының тым қолайлы болуы масалардың қаптауына бірден-бір себеп дейді олар.

Дереккөз: 31 арна.

Сіздің реакцияңыз
4
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel