RU

Ақтау орталығында жеңіл көлік түгі қалмай жанып кетті (фото, видео)

25 шілде күні сағат 14:00-де Ақтаудағы бесінші шағын ауданда жеңіл автокөлік өртеніп кетті. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі хабарлады деп жазады Lada сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Lada
Фото: Lada: Facebook

SAAB маркалы автокөлігі 5-ші ықшамаудандағы № 42 үйдің сыртына қойылған. Бір сәтте сорғыштың астынан түтін басталып, машина отқа оранады. Жүргізуші көліктің қасында болған.

Өрт сөндіру бригадасы келгенге дейін көлік толығымен жанып кетті.

Жарақат алғандар жоқ. Өрттің себебі пен зиянын кезекші тергеуші анықтайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1807458-aktau-ortalygynda-zeil-klik-tgi-kalmaj-zanyp-ketti-foto-video.html