Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда электросамокат айдап бара жатқан азаматты көлік басып кетті

Опубликовано:

Алматыда электросамокат айдаған ер адамды көлік қағып кетті. Оқыс оқиға Жандосов пен Сайын көшелерінің қиылысындағы жүргіншілер жолағында орын алған деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото:polska-kaliningrad.ru
Фото:polska-kaliningrad.ru: Instagram

Куәгерлерлің сөзінше, KIA Rio жүргізушісі Жандосов көшесімен батыс бағытқа кетіп бара жатқан. Алайда Сайын көшесіне жақындаған сәтте жүргіншілер жолағынан электросамокат айдаған азамат шыға келген. Жүргізуші тоқтап үлгермей, ер адамды қағып кеткен.

Көлік жүргізушісінің сөзінше, ол жолға шыға келген электросамокатшыны байқамай қалған.

Ал басылым мәліметінше, самокаттар сағатына 80 шақырым жылдамдыққа дейін жүре алады.

Айта кетейік, самокат иесі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1807468-almatyda-elektrosamokat-ajdap-bara-zatkan-azamatty-klik-basyp-ketti/

pixel