RU
25 жастағы павлодарлық ару кездесуге бару үшін дүкеннен көйлек ұрлап кетті

25 жастағы павлодарлық ару кездесуге бару үшін дүкеннен көйлек ұрлап кетті

Рассказать Вконтакте

25 жастағы Павлодар тұрғыны демалыс күні өзіне көйлек сатып алу үшін қаладағы дүкендердің біріне барып, ұрлық жасаған деп жазады Newtimes.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото

Көрнекі фото

Бойжеткен өзіне ұнаған бірнеше көйлекті алып, өлшеу бөлмесіне кірген. Артынша, өлшемі сай келмеді деп кетіп қалған. Дүкеннің қожайыны құны 25 мың теңге тұратын екі көйлектің жоқтығын тек кешкісін біліпті.

Тәртіп сақшылары күдіктіні сол күні-ақ ұстаған. Бойжеткен бұрын да осыған ұқсас қылмыстары үшін сотты болыпты. Күдіктінің сөзінше, көйлекті ұрлаған күні сүйіктісімен кездесуге баруды жоспарлаған екен.

Ұрлық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азаматшадан бұлтартпау шарасы бойынша ешқайда кетпеу туралы қолхат алынған.

Сіздің реакцияңыз
5
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel