Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тұлпар-тальго" пойызында бойжеткенді зорлаған жолсеріктерге қатысты үкім шықты

Опубликовано:

Қостанайда "Тұлпар-Тальго" пойызында жолаушыны зорлаған жолсеріктерге қатысты сот ісі аяқталды. Сот күдіктілерді кінәлі деп танып, оларды екі жарым жылға бас бостандығынан айырды деп хабарлайды kstnews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Depositphotos

Оқиға 2018 жылы 26 қыркүйекте орын алған.

Нұр-Сұлтаннан Ақтөбеге аттанған бойжеткен, оны екі бірдей жолсерік зорлады деп шағымданған болатын. Көпшілікке шулы оқиғаны қоғам белсендісі Дина Смаилова мәлімдеген еді. Ол аталмыш жайтты әлеуметтік желіге жүктеген-ді.

Оқиға жұртқа аян болғаннан кейін жолсеріктердің екеуі де қызметтен шеттетілді. Олардың туыстары тағылған айыппен келіскен жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1807487-tlpar-talgo-pojyzynda-bojzetkendi-zorlagan-zolserikterge-katysty-kim-sykty/

pixel