Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көлгінов күнделікті проблемалы құрылыс нысандарын аралайтын болады

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов кезекті рет "Гарант" тұрғын үй кешенінің құрылысының қарқынын тексеріп қайтты. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарланды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: astana.gov.kz
Фото: astana.gov.kz: UGC

330 пәтерге есептелген нысанның құрылысын 2011 жылы "Азбука жилья" компаниясы бастаған. 2016 жылы "Орда инжиринг" ЖШС берілген. Мұндағы үлескерлердің саны – 168 отбасы.

Қала басшысы проблемалы нысанның құрылыс қарқынын төмендетпеуді тапсырды.

"Біз сіздермен маусым айының 19 күні кездестік. Қазірдің өзінде ілгерілеу байқалады. Енді осының қарқынын төмендетпеу қажет. Тиімді құрылыс маусымын дұрыс пайдалану керек. Қауіпсіздікті сақтап, сапаға мән беріңіздер. Екінші ауысым жұмысшылары жақын маңдағы тұрғындардың мазасын алмай, ішкі жұмыстармен айналысу керек. Аумағын абаттандыруды көктемге қалдыруға болмайды", – деді Көлгінов.

Елорда әкімі жұмыс уақыты басталғанға дейін құрылыс алаңдарын аралап, таңғы уақытта бақылауға алған нысандардың құрылысын қадағалайды. Қалада құрылысы аяқталмаған 51 проблемалы нысан бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1807498-klginov-kndelikti-problemaly-krylys-nysandaryn-aralajtyn-bolady/

pixel