Выйти
RU

Пара үшін күдікке ілінген Ғылым қоры бұрынғы басшысының тегі белгілі болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бес мың АҚШ доллары көлемінде пара алғаны үшін күдікке ілінген Ғылым қорының бұрынғы басшысының тегі анықталды. Күдікті жайлы мәліметті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Бектеновтың сөзінше, маусым айының басында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі БҒМ "Ғылым қоры" АҚ бұрынғы басқарма төрағасы Сұлтанғазинге қатысты сотқа дейінгі тергеуді тіркеді.

Бірінші орынбасардың айтуынша, қордың бұрынғы басшысы ғылыми жобаларды қаржыландыру мәселесін шешіп бергені үшін бес мың доллар, яғни 1,9 млн теңге қаржыны заңсыз марапат түрінде алды деп күдіктелуде.

Айта кетейік, бұған дейін күдікті бұл соманы қазақстандық жоғарғы оқу орнының ректорына беруге уәде еткені белгілі болды. Бұл қаржыға ғылыми жобаларды қаржыландыру да кірген.

Анықталғандай, басқарманың бұрынғы төрағасы өз кінәсін мойындап, тергеуге көмектесіп жатыр.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пара үшін күдікке ілінген Ғылым қоры бұрынғы басшысының тегі белгілі болды