Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жолды бөлісе алмаған көліктер апатқа ұшырады (фото)

Опубликовано:

Алматыда Lada Granta мен Mercedes 190 көліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz: Facebook

Жүргізушілер Айнабұлақ шағын ауданындағы Палладин мен Жұмабаев көшелерінің қиылысын бөлісе алмаған.

Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz: Facebook

Lada көлігін тізгіндеген жүргізуші Палладин көшесімен оңтүстік бағытқа қарай жүрген. Жұмабаев қиылысындағы солға қарай бұрылысын аяқтаған. Оған қарсы беттен бағдаршамның қызыл түсіне Mercedes көлігі шығып қалған. Өз кезегінде, Mercedes жүргізушісі рұқсат етілген бағдаршам түсінде қозғалғанын айтты.

Екі көліктегі бірнеше адам зардап шеккен. Жедел жәрдем қызметкерлері екі адамды аурханаға алып кетті. Қалғандарына оқиға орнында көмек көрсетілді. Кейінірек, Lada Granta жүргізушісі өзін нашар сезініп тұрғандықтан, ол да ауруханаға жеткізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1807503-almatyda-zoldy-blise-almagan-klikter-apatka-syrady-foto/

pixel