RU
"Мен өзіме орнатып алдым": Жұмағалиев қауіпсіздік сертификаты туралы айтты

"Мен өзіме орнатып алдым": Жұмағалиев қауіпсіздік сертификаты туралы айтты

Рассказать Вконтакте

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде қауіпсіздік сертификатының мүмкіндіктерін түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Асқар Жұмағалиевтің Facebook желісіндегі парақшасы

Фото: Асқар Жұмағалиевтің Facebook желісіндегі парақшасы

"Маған тиісті SMS келгеннен кейін ешбір қиындықсыз сертификатты орнаттым. Бүгінде интернетте құқыққа қайшы контент көптеп кездеседі, сондай-ақ киберлік қатерлер де бар. Осы орайда тиісті қорғанысты қамтамасыз ету үшін аталған қауіпсіздік сертификаты іске қосылады", - деді ол.

Жұмағалиев мемлекеттік қызметшілер осы сертификатты бір жарым жылдан бері пайдаланып келетінін атап өтті.

Оның сөзінше, тек соңғы айда аталған сертификат 8 миллионнан астам вирустық белсенділіктің актілерін анықтауға, меморгандар мен мемлекеттік қызметшілер жұмысына қарсы бағытталған 130 мың кибер шабуылдан қорғауға мүмкіндік берді.

"Мемлекеттік қызметшілер ретінде қауіпсіздік сертификаты аясында тиісті жұмыстарды жалғастырамыз. Ел тұрғындары өз еркімен аталған сертификатты орнатады", - деді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel