RU
"Інісі едім": Ердос Қанаев мектепте ғашық болған қызы туралы ерекше естелігін айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Інісі едім": Ердос Қанаев мектепте ғашық болған қызы туралы ерекше естелігін айтты

Рассказать Вконтакте

"Жігіттер" тобының әншісі Ердос Қанаев бала күнінде басынан өткен қызықты оқиғасын айтып, желідегілерді күлкіге қарық қылды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, ол ұнатқан қызын сыныптан сұрап алмақ болып, анасының алдында ұятқа қалған.

"Орта мектепті оқып жүріп, параллель сыныптағы бір қызға ғашық болып жүрген кезім. Сөйтіп күндердің күнінде оның сыныбына барып, есігінің сыртынан тыңдасам, математика сабағы болып жатыр екен. Содан мәдениеттілікпен есігін қағып, "Сол қызды бола ма екен" деп сұрадым. Апайдың "Сен оның кімі боласың, не үшін керек?" деген сұрақты қоя салмасы бар ма?
Сасқанымнан "Інісі едім, үйдің кілтін аламын" дей салдым. Апай жаңағы қызға күлімсіреп, "Барып келе ғой" деді. Қыз сыныптан шыға салысымен, "Қуасың ба сен, сабақ беріп жатқан анам ғой" дегені бар", - деп жазды өнер иесі Instagram парақшасында.

Ал желі қолданушылары Ердос Қанаевтың бұл оқиғасын ести сала, күлкіге қарық болғандарын жарыса жазған.

"Сонымен інісі болдың ба?", "Осыған ұқсас жағдай менің де басымнан өткен", "Керемет көңіл-күй сыйладыңыз", "Баламысың деген осы" деді желідегілер.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
1
17
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel