RU
Тоқаев Борис Джонсонды Ұлыбританияның премьер-министрі атануымен құттықтады

Тоқаев Борис Джонсонды Ұлыбританияның премьер-министрі атануымен құттықтады

Рассказать Вконтакте

Президент Қазақстан халқы және өз атынан Борис Джонсонды Ұлыбритания Біріккен Корольдігінің және Солтүстік Ирландияның премьер-министрі лауазымына сайлануымен құттықтады деп хабарлайды Ақорда.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

"Басқарушы Тори партиясының көшбасшысын сайлаудағы Сіздің айқын жеңісіңіз Ұлыбританияның игілігі жолында қол жеткізген таңқаларлық табыстарыңыздың және адал қызметіңіздің мойындалуын көрсетеді", – деп жазылған жеделхатта.  

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ұлыбританияның стратегиялық серіктестікті берік достық, өзара сенім мен түсіністік негізде дамытып отырғанын атап өтті. Қазақстан Президенті екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және жаңа инвестициялық мүмкіндіктердің ашылуына сенім білдірді.  

Мемлекет басшысы Борис Джонсонға жаңа қызметте табыс, британ халқына бақ-береке тіледі.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel