Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда балалар хирургін қамауға алу үкімін шығарған судья өз шешімін түсіндірді

Опубликовано:

Ақтауда балалар хирургін қамауға алу үкімін шығарған судья өз шешімін түсіндірді. Ол медицина қызметкеріне қатысты бір тәулікке темір торға тоғыту түріндегі жаза қолданған деп хабарлайды Lada.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Судья Гүлмира Сүйеуованың сөзінше, Насұқан Отарғазиев осы жылы сот алдына айыпталушы ретінде бірінші мәрте келіп тұрған жоқ. Бұған дейін ол "шағын бұзақылық" бабы бойынша жауапкершілікке тартылған. Теріс қылық қайталанған сәтте сот айыпталушыны шынайы жазаға тартуға міндетті.

Сүйеуова жазаның басқа шаралары мұндай жағдайда қарастырылмайтынын жеткізді.

Оған қоса, судья дәрігер мен науқастың қоғамдық орында болған келіспеушілігінің видеосы сот отырысының басты айғағы болғанын алға тартты.

Заңнамаға сәйкес, судья жазалаудың басқа әдісін тағайындай алмаған. Себебі, әкімшілік кодексте тұтқындау түріндегі әкімшілік тәркілеу ғана қарастырылған.

Сүйеуова айыпталушының дәрігер екенін ескеріп, оған бір тәулікке ғана қамауға алу шарасын тағайындағанын айтты. Алайда, бап бойынша жаза он тәулікке дейін қарастырылған.

Оқиғаның бейнежазбасы дыбыссыз болған соң басты шешуші рөлді ұрыстың қоғамдық орында болғаны атқарды.

Сонымен қатар, судья дәрігер өз кәсіби этикасына сай, ашуға булыққан науқасқа әлдеқайда орынды жауап беруі керек екенін атап өтті.

Оқиға куәгері ретінде сот отырысына аурухананың медбикесі шақыртылды. Медицина қызметкері дәрігер мен науқас арасында қоғамдық жерде ұрыс орын алғанын растады. Бұл өз кезегіде қоғамдық тәртіпті бұзушылық болып есептеледі.

Алайда, сот үрдісі барысында жауапкершілікке хирург қана емес, шу шығарған науқас әйел де тартылған. Оған бес айлық есеп көрсеткіш көлемінде айыппұл тағайындалды.

Айта кетейік, бұған дейін ақтаулық аса танымал хирург бір тәулік қамауда отырып шыққанын хабарлағанбыз. Ол бұл жазаға науқаспен ұрысқаны үшін тартылған.

Оқиғаға қатысты денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1807531-aktauda-balalar-hirurgin-kamauga-alu-kimin-sygargan-suda-z-sesimin-tsindirdi/

pixel