Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеңіс Қасымбек Арыстағы құрылыс жұмыстарын тексеруге барды (фото)

Опубликовано:

Премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек Арыс қаласына келіп, қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Instagram парақшасында хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Шымкент әкімінің жеке парақшасы. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Шымкент әкімінің жеке парақшасы. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram
"Бүгін Арыс қаласына жүргізіліп жатқан қайта қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысуға ҚР премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек келді. Шымкент қаласына бекітілген 10-шы секторда жүргізіліп жатқан жөндеу және құрылыс жұмыстары бойынша баяндадым.
Залалды бағалау және жою үшін Шымкент қаласы әкімдігінің және мердігерлік ұйымдардың 553 маманы жұмылдырылып, 3 кезекте тәулік бойы жұмыс жасауда. Сараптама нәтижесінде анықталған сектордағы 652 тұрғын үйдің 604-інде жөндеу жұмыстары жүруде. 32 үйдің апатты болуы және толық өртенуі себебінен орындарына жаңа үйлердің құрылысы жүргізілуде. Қазіргі уақытта 161 үйде жөндеу жұмыстары аяқталған", - деп жазды әкім.

Сондай-ақ шаһар басшысы 1 тамызға дейін Арыстағы барлық үйлердің шатырлары мен терезелері қалпына келтірілетінін айтты.

"1 тамызға дейін барлық үйлердің шатырлары мен терезелері қалпына келтіріледі. Ал 15 тамызға дейін ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстарын аяқтаймыз. Ал екі айдың ішінде жөндеуге келмейтін үйлердің орнына салынып жатқан жаңа үйлердің құрылысы толығымен аяқталады.
Жүргізіліп жатқан жұмыстардың, әр үйдің құрылысы мен жөндеу жұмыстарының сапалы болуы үнемі қатаң назарда", - деді Ғабидолла Әбдірахымов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1807547-zeis-kasymbek-arystagy-krylys-zmystaryn-tekseruge-bardy-foto/

pixel