Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аспаннан жаңбырша жауған ақшаны жұрт жарыса жинады

Опубликовано:

Тапа тал түсте қарша бораған ақшалардың видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Желі қолданушылары жерде жатқан қаражатты жанталаса жинағандарға қызығып, түрлі пікірлерін білдіруде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Аталмыш видео Instagram парақшасындағы instavideokz тобында жарияланды.

Кадрдан көшеде кетіп бара жатқан автокөліктердің тоқтап, жаңбырша жауып жатқан ақшаларды жарыса жинағанын көруге болады.

Айта кетерлігі, желі қолданушылары өзіне қажетті соманы ғана жинап, көліктеріне қайта мініп жатқан адамдарға таңырқап қалды. Сондай-ақ, олар күтпеген жерден топ ете түскен ақшаны алып алған адамдарға оны қайтару міндеттелуі мүмкін екенін жарыса жазды.

"Неменесіне түсіріп тұрсың видеоны? Барып ақша жинап алсаңшы", "Видеоны түсіріп жатқан адамның өзі қажетті сомасын жинап алған сияқты", "Астанада да осыған ұқсас жағдай орын алған", "Мына ақшаларды қайтарып беруді міндеттейтін шығар" , -деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1807559-aspannan-zabyrsa-zaugan-aksany-zrt-zarysa-zinady/

pixel