Выйти
RU

Қара нәсілді жігітке ұзатылған бойжеткенге қатысты тың деректер шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Тойы желіде қызу талқыға түсіп, қара нәсілді азаматқа ұзатылған қазақ қызының кім екені белгілі болды. Жастардың қуанышын басқарған асаба Ермұрат Рамазанұлы ұзатудың Павлодар өңірінде өткенін айтып берді деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Фото: Facebook парақшадан, видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Facebook парақшадан, видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Той жүргізушісінің мәліметінше, ұзату 21 шілде күні қазақтың салт-дәстүріне сай өткен. Құдалар жақтан үш жігіт келген.

Сондай-ақ асаба қара нәсілді жігіттің Франция елінің азаматы екенін, тегі сенегалдық екенін айтып берді.

"Кәдімгі қазақтың күйі, қобызы, сазсырнайының сүйемелдеуімен өтті. Құдалардың өзі қызығушылық танытып, естелікке суретке түстік", - дейді той асабасы.

Айта кетейік, Айзада Түркия еліндегі елшілікте біраз жыл еңбек еткен. Кейіннен оның қызмет орны ауысып, Ыстамбұлдың беделді мектептерінің біріне жұмысқа орналасады.

Бойжеткен осы жерде болашақ жарымен танысқан. Күйеу жігіт сол мектепте бағдарламашы болып қызмет атқарған.

Естеріңізге сала кетейік, бойжеткен мен қара нәсілді азаматтың видеосы желіге тарап кеткен болатын.

Ал көп ұзамай танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өзге ұлтқа тұрмысқа шыққан қыздың ит терісін басына қаптағандарға жауап берді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қара нәсілді жігітке ұзатылған бойжеткенге қатысты тың деректер шықты