RU
Сот "Тұлпар-Тальго" жолсеріктеріне қатысты шыққан үкімге пікір білдірді
Жаңалықтар Қоғам

Сот "Тұлпар-Тальго" жолсеріктеріне қатысты шыққан үкімге пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Бүгін Қостанайда "Тұлпар-Тальго" пойызында қыз зорлады деп айыпталған жолсеріктерге қатысты үкім шықты. Оқиға өткен жылы күзде болған деп хабарлайды Қазақпаратқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Cудья Сатыбалды Оразбай екі жолсерікті неліктен 2,5 жылға бас бостандығынан айырғанын түсіндіріп берді. Айтуынша, бастапқыда Үмбеталиев пен Құрманиязов топтық зорлау әрекеті бойынша күдіктелген екен.

Кейін ол алдын ала келісіп жасалмаған зорлау әрекетіне 2 немесе одан да көп адам қатысуы керек деп түсіндіріп берді.

Судьяның айтуынша, мәселен ондай зорлау оқиғаларында қылмыскерлердің бірі жәбірленушіні ұстап тұрып, екіншісі зорлайды екен.

Істе ондай жайт болмағандықтан, күдіктілер айыпталған бап зорлауға алмастырылған.

Сонымен бірге судья күдіктілердің екеуі де сол күні ішімдік ішпегенін алға тартты. Ол келесі күні жасалған медициналық зерттеу кезінде анықталыпты.

Ал айыпталушылардың екеуі де тергеу бойы жыныстық қатынас бойжеткеннің келісімімен болды деп мәлімдеп келген.

Бұдан бөлек күдіктілердің бірінің кәмелет жасына толмаған екі баласы бар екен. Сонымен бірге олар бұған дейін қандай да бір жауапкершілікке тартылмаған. Судья осы жайттарды ескере келе, дәл осындай үкім шығарған.

Айта кетейік, бүгін "Тұлпар-Тальгода" бойжеткенді зорлады деп айыпталған екі жолсерікке қатысты сот үкімі шықты. Олардың екеуі де 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сіздің реакцияңыз
9
0
1
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel