Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Нұр-Сұлтан әкіміне жаңа жұмыс орындарын ашуды тапсырды

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады деп хабарлайды Ақорда.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: UGC

Қазақстан президентіне 2019 жылдың бірінші жартыжылдығындағы елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алтай Көлгіновке қаладағы салынып жатқан құрылыс нысандарының қарқынын күшейту, қолжетімді баспана салу, инвестиция тарту ісін жандандыру және жаңа жұмыс орындарын ашу, сондай-ақ әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың тұрмысын жақсарту үшін бірқатар тапсырма берді.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1807593-tokaev-nr-sltan-kimine-zaa-zmys-oryndaryn-asudy-tapsyrdy/

pixel