Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызды жұдырықпен бір ұрған ер адамның әрекетін Атырау прокуратурасы түсіндірді

Опубликовано:

Атырау облысының прокуратурасы қалалық базарлардың бірінде қызды жұдырықпен ұрған ер адамның біртүрлі әрекетіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды ATPress.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Facebook

Анықталғандай ер адам психикалық бұзылыстардан зардап шегеді.

Облыстық прокуратураның мәліметі бойынша, ол 2010 жылдан бастап психоневрологиялық диспансерде тіркеуде тұр.

Оқиғадан кейін бірден ер адам ұсталған. Оған қатысты "бұзақылық" бабы бойынша тергеу жұмыстару жүргізілуде. Тергеу барысын облыстық прокуратура өз мойнына алды.

Қазіргі уақытта тәртіпбұзушы "тұлғаның эмоционалды тұрақтылығының бұзылуы" диагнозымен психдиспансерге орналастырылған.

Еске сала кетсек, қалалық базарлардың бірінде Атырау тұрғыны қыздың бетінен жұдырықпен ұрып, кетіп қалған болатын. Аталған оқиға бақылау камерасына түсіп қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1807612-kyzdy-zdyrykpen-bir-rgan-er-adamny-reketin-atyrau-prokuraturasy-tsindirdi/

pixel