Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Польшада билік өкілдері ұл баланы дүниеге әкелген отбасыға сыйақы беруге уәде етті

Опубликовано:

Польшадағы кішігірім Мейсце Оджаньске ауылында соңғы 12 жылда ұл бала дүниеге келмеген. Тек қана қыздар туатын бұл елді мекен көпшіліктің назарын өзіне аударуда. Сондықтан үкімет ұл баланы дүниеге әкелген отбасыға қомақты қаржы сыйлайтынын хабарлады деп жазады 120.su сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: 120.su
Фото: 120.su: UGC

Мейсце Оджаньске ауылында ер адамдардың тапшылығы орын алуда. Алайда үкімет мұрағатты тексере келе бұл жағдайдың бұрыннан келе жатқанын түсінген. Мейсце ауылында үнемі тек қыз балалар дүниеге келген.

Өрт сөндіру тобының басшысы Томаш Голаш ұл баланың әкесі болудан үмітін үзгенін айтты. Ол әйелімен бірге екі қыз тәрбиелеп отыр. Ерлі-зайыптылардың достары мне көршілері де дәл осындай жағдайды басынан өткеріп жүр.

Варшава қаласында тұратын медициналық генетика кафедрасының меңгерушісі Рафал Плоски аталған ерекше жайтқа қызықты.

Ол өз уақытын тек мұрағаттарды ғана емес, сонымен қатар қазіргі тұрғындардың туыстық байланыстарын, қоршаған орта мен экологияны зерттеуге арнағысы келеді. Ғалымның кеңестері ер азаматтардың санын арттыруға көмектеседі деген үміт бар.

Алайда, бұл көп уақытты қажет етеді. Сондықтан билік көп жыл ішінде алғаш рет бала туған жұбайларға сыйақы беруді шешкен.

Марапат қандай болатынын белгісіз, бірақ ауыл басшысы баланың болашақ ата-анасына сыйақы мөлшерінің ұнайтынын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1807623-polsada-bilik-kilderi-l-balany-dniege-kelgen-otbasyga-syjaky-beruge-ude-etti/

pixel