RU
Министр жараланған қорықшыны аурухана палатасында марапаттады (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Министр жараланған қорықшыны аурухана палатасында орденмен марапаттады (фото)

Рассказать Вконтакте

"Охотзоопром" инспекторы Самат Оспановқа аурухана палатасында ІІ дәрежелі "Айбын" ордені берілді. Ол марапатты Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұмхан Мырзағалиевтың қолынан алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазіргі уақытта зардап шеккен инспектор Көкшетау ауруханасында жатыр. ІІ дәрежелі "Айбын" ордені оған мемлекет басшысының жарлығымен қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен ерлігі мен қайсарлығы үшін берілді.

Министр сондай-ақ инспекторға президент пен барлық қазақстандықтардың сәлемін жеткізіп, тез сауығып кетуіне тілектес екенін айтты.

"Біз сізге мықты денсаулық, күшті ерік-жігер тілейміз. Бұл өмірдегі барлық ізгілік атаулы сіз тәрізді патриот, өз ісіне, Отанына берілген адамдардың арқасында мүмкін болмақ", - деді Мырзағалиев.

Естеріңізге сала кетейік, 23 шілде күні екі инспектор браконьерлердің шабылуынан зардап шекті. Күдіктілер олар тұрған жаққа оқ атқан. Салдарынан инспекторлардың бірі Қаныш Нұртазинов көз жұмса, Самат Оспанов оқ жарақатын алған болатын.

Марқұм Нұртазиновты 26 шілдеде жақындары мен көпшілік ақтық сапарға шығарып салды.

Ал Самат Оспанов отадан кейін ауруханада ем-шаралар алуда.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
4
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel