Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алашұлы" тобы әншісінің өнерде тоқалы бар екені рас па?

Опубликовано:

"Алашұлы" тобының әншісі Әзімбек Байлин ел арасында тарап кеткен қауесетке жауап берді. Әнші "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында өнердегі тоқалы жайлы жел сөзге қатысты мәлімдеме жасаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама жүргізушісі әншіден: "Әзімбектің тоқалы бар. Ол жақында босанады. Ол да өнер адамы" деген қауесет қаншалықты рас?", - деп сұраған.

Ал әнші мұндай сөздердің жалған екенін айтты.

"Бұл әңгіме жалған. Кім шығарғанын білмеймін. Былатып әңгіме. Өнер адамдарының соңынан осындай сөз көп тарайды. Егер тоқал алатын болсам, басымды бұқпай, оны жігітше, еркекше елге жариялаймын. Ал қазіргі әңгімені жоққа шығарамын", - деді әнші.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Әзімбек Байлин "Қатыным" деген ән шығарып, желіні шулатқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1807665-alasly-toby-nsisini-nerde-tokaly-bar-ekeni-ras-pa/

pixel