RU
Фонограммадан бас тартатын заң қашан шығады?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Фонограммадан бас тартатын заң қашан шығады?

Рассказать Вконтакте

Осыдан бірнеше күн бұрын мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтқан фонограммадан бас тартатын заң қашан шығады? Шенеунік әннің эстрадада жанды дауыста айтылуы керектігін жеткізді деп хабарлайды 31 арна.

Фото: oz.com.ru

Фото: oz.com.ru

"Жалпы өнерде жасанды нәрсе болмауы керек. Өнердің тазалығы болуы керек. Фонограмманың әр түрлі жерде, әр түрі болады. Біздің министрліктің көзқарасы - өнер таза болуы керек.

Сондай-ақ эстрадада жанды дауыспен айтылуы керек", - деді Ақтоты Райымқұлова.

Ал өнертанушы Ерлан Төлеутай бұл заң қабылданса, сахнадан біраз әншінің кететініне сенімді.

"Әншілердің тең жартысы күпідей сыпырылып қалады. 95 пайызы кетеді. Айыппұлға 50 мың доллар төлесін. Ұсталды ма, төлесін. Екі рет 50 мың доллардан төлесе, өзі-ақ қояды", - дейді өнертанушы.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір апта бұрын мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәдениет туралы заңға осындай өзгерістер енгізуді ұсынғанын айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
1
54
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel