RU
"Реал" мен "Атлетико" арасындағы мадридтік дербиде 10 гол тіркелді

"Реал" мен "Атлетико" арасындағы мадридтік дербиде 10 гол тіркелді

Рассказать Вконтакте

АҚШ-та өткен Халықаралық чемпиондар кубогында "Атлетико" мен "Реалды" 7:3 есебімен ұтты деп хабарлайды Eurosport.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мадридтік дербиде алғашқы болып ойынның бірінші минутында "Атлетико" клубы есеп ашты. Гол соққан Диего Коста.

8 минутта "Атлетико" есепті еселеді. "Матрасниктер" сапына жаздың басында 120 млн еуроға ауысып келген Фелиш көзге түсті.

Алғашқы таймның 20 минутында Анхель Кореа "Реал" қақпасына үшінші допты тоғытты.

Төртінші голды "Реал" ойыншылары "сыйлады". Есепті 4:0 жеткізген Диего Коста.

Үзіліскен дейін "Атлетико" 11 метрлік айып добынан тағы да гол соқты. Бұл жолы да Диего Коста мергендігін танытты.

"Матасниктер" екінші таймды да жоғары жылдамдықпен бастап, "Реал" қақпашысын тығырыққа тіреді. Диего Коста Фелиштің пасын сәтті пайдаланып, есепті 6:0-ге жеткізді.

Корольдік клубтың ойыншылары екінші таймның 60 минутында "Атлетико" қақпасына доп соқты. Голдың авторы Начо Фернандес.

Ойынның 70 минутында корольдік клубтың ойыншылары қақпадан тағы доп алып шығуға мәжбүр болды.

Кәрім Бенземе "Реалдың" екінші голын ойынның 84 минутында соқты.

Екінші таймның соңғы минутында корольдік клуб есепті 7:3 дейін қысқарта алды. Голдың авторы Хави Эрнандес.

Сіздің реакцияңыз
2
4
0
0
0
9
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel