Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арман Тұрлыбек жаңа қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Арман Тұрлыбек жаңа қызметке тағайындалды. Нұр-Сұлтанның әкімінің бұрынғы орынбасары экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің cу ресурстары комитеті төрағасы атанды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: facebook.com
Фото: facebook.com: UGC

Арман Тұрлыбек 1971 жылы 6 мамырда Қарағанды облысында дүниеге келген.

1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "тауартанушы-комменсант" мамандығы бойынша, 2005 жылы Қазақстан – Ресей университетін "құқықтану" мамандығы бойынша, 2007 жылы "экономика" мамандығы бойынша бітірді.

2014 жылы Алматы энергетика және байланыс университетін "электрэнергетик" мамандығы бойынша бітірді.

1993-1999 жылдар аралығында Сәтбаев қаласында бірқатар коммерциялық құрылымдардың басшысы болып жұмыс істеді.

1999 жылдың желтоқсанынан 2000 жылдың сәуіріне дейін Сәтбаев қалалық мәслихатының хатшысы болды.

2000 жылдың сәуір айынан бастап 2007 жылдың мамыр аралығында – Қарағанды облысының Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары.

2007 мамыр айынан бастап 2008 жылдың сәуір айына дейін – "Қарағанды облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық департаменті" ММ директоры.

2008 жылдың сәуір айынан бастап 2008 жылдың қыркүйек айына дейін Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімі лауазымын атқарды.

2008 жылдың қыркүйек айынан бастап 2010 жылдың мамыр айына дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.

2010 жылдың мамыр айынан бастап 2010 жылдың желтоқсан айына дейін – Қазақстан Республикасы премьер-министрі орынбасарының кеңесшісі.

2010 жылдың желтоқсан айынан бастап 2014 жылдың қыркүйек айына дейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Мемлекеттік энергетикалық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы лауазымын атқарды.

2014 жылдың 12 желтоқсан айынан бастап 2016 жылдың шілде аралығында – Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі.

2016 шілде айынан бастап 2016 жылдың қазан айына дейін – Астана қаласы әкімінің кеңесшісі.

2016 жылдың қазан айынан бастап 2019 жылдың ақпан аралығында – Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімі.

2019 жылдың ақпан айынан бастап 2019 жылғы шілде аралығында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1807744-arman-trlybek-zaa-kyzmetke-tagajyndaldy/

pixel