Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі пайызбен ипотекаға үйді қалай алуға болады?

Опубликовано:

Табысы төмен отбасыларға 2 пайызбен кредит алуға мүмкіндік беретін "Бақытты отбасы" тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырыла бастады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаев қазіргі уақытта 167 адам өтініш бергенін айтты.

"Түгел құжаттарын жинап үлгергендер тапсырып жатыр. Қазіргі уақытта 135 миллион теңгеге 9 адамның өтініші мақұлданды. Банк мақұлдағаннан кейін тұрғындар үй іздей бастайды. Тапқан соң бізге келеді, біз кредит рәсімдейміз", - деді ол.

Бағдарламаға қатысушылар жаңа салынған үйдегі пәтер, қолданыстағы пәтер, жер үйді сатып ала алады.

Ол үшін тоғыз кезеңнен өту керек:

  1. Әкімдікте кезекте тұру.
  2. Тұрғын үй құрылыс жинағы туралы келісім жасау.
  3. Төлем қабілеттілігін дәлелдеу.
  4. Үй таңдау.
  5. Банк кредит алу туралы өтінішті мақұлдауы тиіс.
  6. Бастапқы жарнаны төлеу.
  7. Сатушымен сатып алу-сату шартын жасасу.
  8. Кредит алу.
  9. Жаңа пәтерге немесе үйге көшіп бару.

Айта кетейік, 2 пайыздық ипотека көпбалы отбасы, толық емес отбасы, мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасыға беріледі.

Бағдарлмаға қатысу үшін әкімдікте кезекте тұру керек, сондай-ақ, өз атыңызда және бірге тұратын отбасы мүшелерінің атында баспана болмауы тиіс.

Жылдық мөлшерлемесі 2 пайыздық ипотека 20 жылға дейін беріледі.

Бастапқы жарна көлемі 10 пайызды құрайды.

Бастапқы жарнаны 10 пайыздан артық құйған жағдайда, ай сайынғы төлем аз шығады.

Еліміздің ірі қалалары Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау және Атырауда қарыздың ең жоғары сомасы 15 млн теңгені құраса, қалған аймақта 10 млн теңге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1807749-eki-pajyzben-ipotekaga-jdi-kalaj-aluga-bolady/

pixel