RU
Маңғыстауда "Бірге - Таза Қазақстан" акциясы өтті

Маңғыстауда "Бірге - Таза Қазақстан" акциясы өтті

Рассказать Вконтакте

Үкімет мүшелері бастаған эко-челлендж бүгін Маңғыстауда жалғасты. Аймақ басшысы Серікбай Трұмовтың қатысуымен мекеме қызметкерлері мен бір топ еріктілер "Ақбота" саябағында, теңіз жағалауында, "Ана мен бала" орталығында тазалық жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Маңғыстауда "Бірге - Таза Қазақстан" акциясы өтті

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар Министрі М. Мырзағалиевтің бастауымен республикалық деңгейге ұласқан "Бірге - Таза Қазақстан" экологиялық акциясының негізгі мақсаты - қоршаған ортаның тазалығына бірауыздан атсалысу, сол арқылы жас жеткіншектерге үлгі көрсету болып табылады.

Акцияға облыс бойынша барлығы 2000-ға жуық адам, оның ішінде мемлекетік мекемелер және мемлекеттік емес ұйымдар қатыстырылып, 100 техника жұмылдырылды. Аймақ бойынша 25 тарихи және демалыс орындарында тазалау жұмыстары жүргізіліп, сол жерлерден барлығы 300 тоннаға жуық қоқыс тасып шығарылды.

Маңғыстауда "Бірге - Таза Қазақстан" акциясы өтті

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында эко-челлендж қозғалысын толық қолдайтынын жазған болатын. "Үкімет пен азаматтық қоғамның бастамасымен бүкіл ел бойынша жүзеге асырылып жатқан эко- челлендж қозғалысын толық қолдаймын. Елді тазалық аймағына айналдырайық. Бірге - Таза Қазақстан! Жарайсыңдар, волонтерлар!" - деп жазды Мемлекет басшысы.

Маңғыстауда "Бірге - Таза Қазақстан" акциясы өтті

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel